«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС-гі 2018 жылдың өндірістік бағдарламасын жүзеге асыру үшін бұрғылау бойынша мамандарын дайындау мақсатымен, 2017 жылдың шілде мен желтоқсан айлары аралығында ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғышының көмекшілері Д. Байкулов пен А. Есенгубековты бұрғылау бойынша Модульдік оқуға жіберді.
Модульдік оқу Алматы қаласындағы «ҚБТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС-гімен бірге өткізілді.
Жұмыскерлеріміз модульдік оқуды өте жақсы аяқтап, әр модуль бойынша сертификатпен марапатталып, сонымен қатар 3-ші және 4-ші деңгейдегі Жер үсті әуе қорғанысымен бұрғылауды бақылаудың (IWCF халықаралық стандарттарына сәйкес) халықаралық стандартқа сай сертификаттарыменде марапатталды.
Байкулов Д
Біз Есенгубеков Актилекпен Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде роторлық бұрғылау кезінде ұңғымаларды басқару және қадағалау, бұрғылау жұмыстарының менеджменті, заманауи технологиялар, бұрғылау ерітінділері мен ұңғымаларды цементтеу және т.б. курстар бойынша өте жақсы оқу өтті.
Бізді ҚБТУ тәжірибелі инструкторлары оқытты. DrillSim-5000 заманауи жаттығу құрылғысында тәжірибе сабақтары жүргізілді. Осы модульдік оқу бізге қатты ұнады. Және алдағы уақытта бұрғылаудың заманауи технологияларын одан ары қарай игереміз деген үміттеміз.
Есенгубеков А
Біз Алматы қаласындағы ҚБТУ инжиниринг және ақпараттық технологиялар институтында біліктілік арттыру курстарына қатыстық. Біздің мекеме әрқашан кадрларды дамыту жұмыстарын жақсы атқарып келеді. Соның бір мысалы – 2017 жылғы 6 модульден тұратын курс. Курсты халықаралық деңгейдегі инструкторлар жүргізді. Қазіргі кезеңде елімізде барлық мұнай және газ компаниялары өндіріске жаңа технологияларды енгізуді қалайды. Курстың барлық модульдары жоғары технологияларды таныстыру, әлемдік үздік тәжірибелерді ұғындыру жағынан өте жақсы ұйымдасқан.
Курс барысында бұрғылау ерітінділері, цементтеу, мұнай ұңғымаларын жобалау, бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру, мұнай-газ су атқылауларын жою, бұрғылау құбырының қысылуынан қорғау, бұрғылау және шегендеу құбырларын есептеу, бұрғылау қондырғысының элементтерін таңдау тәрізді тақырыптар қарастырылды.
Айта кетерлік жайт, курс еліміздегі бірегей DrillSim-5000 бұрғылау тренажерын қолданып жұмыс істеуге жол ашты.
Дата публикации: 3 мая 2018