ТКБжәнеҰҚК сапа көшбасшысы 2016 болып атанды

Бүкіләлемдік сапа күніне орай 2016 жылғы 9 қарашада Астана қаласында өткен семинар аясында «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» «Сапа көшбасшысы 2016» марапатқа ие болды, сонымен қатар қызметі мен Қазақстандағы сапаның дамуына жалпы үлесі үшін ерекше алғыс хатымен марапатталды.

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалы үйымдастырған іс-шараға сапа саласындағы жетістіктері үшін ағымдағы жылда үздік деп танылған Қазақстан Республикасының аумағындағы атақты кәсіпорындар мен ұйымдардардың өкілдері қатысты. Сертификаттау саласындағы мамандар, сондай-ақ шақырылған қонақтар баяндама жасады.

1989 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы атап өтетін «Сапа - нәтижелер үшін!» ұранымен жыл сайынғы сапа аптасы биылғы жылы 9-қарашадан бастап 13-қараша ішінде өтті. 

Анықтама:

Серіктестік стандарттар талаптарына сәйкестігіне халықаралық үлгідегі сертификаттарды 2015 жылғы 12 қазанда алды:

ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар»

ҚР СТ OHSAS 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйелері. Талаптар»

ҚР СТ ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық» 

 2014 жылғы желтоқсанда басталған біріктірілген менеджмент жүйесін енгізу үдерісі

бір жылдан астам уақыт жүргізілді.

Бұл Серіктестік үшін ең беделді аккредиттеу және  ол ТКБжәнеҰҚК жоғарғы стандарттарға сәйкестігін растап, кәсіпорынның сапа, экология және кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық мәселелеріндегі негізгі көзқарасының куәсі болып табылады.

Астана қ.                                                                         09.11.2016ж

Жарияланған күні: 9 қараша 2016



Басқа жаңалықтар:

Хабарландыру


Жарияланған күні: 01-08-2023  

Серіктестіктің – жаңа тарихи кезеңі


Жарияланған күні: 30-03-2023  

Доңға жобасы аяқталды


Жарияланған күні: 30-03-2023  

“Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету” ЖШС аукцион өткізілетіні туралы хабарлады


 

Жарияланған күні: 30-03-2023  

«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС мердігер ұйымдарына аудит жүргізуді бастады.


Жарияланған күні: 02-11-2020  

Жаңа ISO 45001:2018 стандартына көшу


Жарияланған күні: 29-10-2020  

ҚТ-дан қаза тапқандардың аза тұту күніне байланысты директордың үндеуі


Жарияланған күні: 13-07-2020  

COVID-19 Короновирусқа қарсы алдын алу жұмыстарының көріністері


Жарияланған күні: 06-04-2020  

Блог руководителя

Бас директор – Жайман Таңатар Өскінбайұлы

Блог бетіне өту
Сенім телефоны:
+7 (7292) 47-20-33 

Жұмыс күндері 9:00 дан 18:00 дейін
(Ақтау уақыты)

E-mail: g_kabylbay@kbm.kz