«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС басшылығындағы өзгеріс туралы
2016 жылғы 13 шілдеде «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС (ТКБжәнеҰҚК) Қадағалау Кеңесінің Төрағасы, «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Қайыржан Есен кәсіпорынның ұжымына бұрын «Қаражанбасмұнай» АҚ Өндіріс жөніндегі Вице-Президентінің қызметін атқарған Серіктестіктің жаңа Директоры Қалбай Ажимбаебич Измухановты таныстырды.
Қайыржан Есен Қалбай Ажимбаевичтың ұзақ уақыт өндірістік салада жұмыс істеп, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Қарақұдықмұнай» ЖШС (ескерту: ЛУКОЙЛ Оверсиз Холдинг Лтд. операциялық компаниясы) сияқты ірі компаниялар тобында, сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жүйесінде басшы қызметтерде болғанын және өзін білікті маман, тәжірибелі өндірісші және кәсіби жетекші ретінде таныта білгенін атап өтті.
ТКБжәнеҰҚК Қадағалау Кеңесі Қалбай Ажимбаевич тарихи қалыптасқан жағдайды ескере отырып, сауатты және кәсіби, ең маңыздысы ауыртпалықсыз, Серіктестік пен оның негізгі серіктесі «Қаражанбасмұнай» АҚ арасында өзара әрекетті жетілдіру жолымен оның өндірістік көрсеткіштерін жақсартып, сондай-ақ Серіктестіктің бәсекелі нарыққа шығу жұмыстары, сонымен қатар «Маерск Ойл Казахстан Гмбх» сияқты халықаралық компаниямен жұмыс шеңберінде кәсіпорынды дамытудың жаңа жолын табады деп шешті.
Анықтама
2014 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезең ішінде компанияны басқарған Серіктестіктің бұрынғы директоры Эдуард Сагынжанович Рахимов «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» ЖШС Бас директорының лауазымына тағайындалды.
Ақтау қаласы, ТКБжәнеҰҚК кеңсесі
- -релиз_УТТиОС_изменения в руководстве_каз
Скачать файл (17.1 Kb)/uploads/docfiles/-reliz_uttios_izmeneniya_v_rukovodstve_kaz__15ee897b63683d975d50362f9cbf0ff4.docx
Жарияланған күні: 15 шілде 2016
Басқа жаңалықтар:
Жарияланған күні: 01-08-2023
Серіктестіктің – жаңа тарихи кезеңі
Жарияланған күні: 30-03-2023
Жарияланған күні: 30-03-2023
Жарияланған күні: 30-03-2023
Жарияланған күні: 02-11-2020
Жаңа ISO 45001:2018 стандартына көшу
Жарияланған күні: 29-10-2020
ҚТ-дан қаза тапқандардың аза тұту күніне байланысты директордың үндеуі
Жарияланған күні: 13-07-2020
COVID-19 Короновирусқа қарсы алдын алу жұмыстарының көріністері
Жарияланған күні: 06-04-2020
Жұмыс күндері 9:00 дан 18:00 дейін
(Ақтау уақыты)
E-mail: g_kabylbay@kbm.kz