ТКБжәнеҰҚК сапа көшбасшысы 2016 болып атанды
Бүкіләлемдік сапа күніне орай 2016
жылғы 9 қарашада Астана қаласында өткен семинар аясында «Технологиялық көлікті
басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» «Сапа көшбасшысы 2016» марапатқа ие
болды, сонымен қатар қызметі мен Қазақстандағы сапаның дамуына жалпы үлесі
үшін ерекше алғыс хатымен марапатталды.
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалы үйымдастырған іс-шараға сапа саласындағы жетістіктері үшін ағымдағы жылда үздік деп танылған Қазақстан Республикасының аумағындағы атақты кәсіпорындар мен ұйымдардардың өкілдері қатысты. Сертификаттау саласындағы мамандар, сондай-ақ шақырылған қонақтар баяндама жасады.
1989 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы атап өтетін «Сапа - нәтижелер үшін!» ұранымен жыл сайынғы сапа аптасы биылғы жылы 9-қарашадан бастап 13-қараша ішінде өтті.
Анықтама:
Серіктестік стандарттар талаптарына сәйкестігіне халықаралық үлгідегі сертификаттарды 2015 жылғы 12 қазанда алды:
ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар»
ҚР СТ OHSAS 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйелері. Талаптар»
ҚР СТ ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық»
2014 жылғы желтоқсанда басталған біріктірілген менеджмент жүйесін енгізу үдерісі
бір жылдан астам уақыт жүргізілді.
Бұл Серіктестік үшін ең беделді аккредиттеу және ол ТКБжәнеҰҚК жоғарғы стандарттарға сәйкестігін растап, кәсіпорынның сапа, экология және кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық мәселелеріндегі негізгі көзқарасының куәсі болып табылады.
Астана қ. 09.11.2016ж.
Басқа жаңалықтар:
Жарияланған күні: 01-08-2023
Серіктестіктің – жаңа тарихи кезеңі
Жарияланған күні: 30-03-2023
Жарияланған күні: 30-03-2023
Жарияланған күні: 30-03-2023
Жарияланған күні: 02-11-2020
Жаңа ISO 45001:2018 стандартына көшу
Жарияланған күні: 29-10-2020
ҚТ-дан қаза тапқандардың аза тұту күніне байланысты директордың үндеуі
Жарияланған күні: 13-07-2020
COVID-19 Короновирусқа қарсы алдын алу жұмыстарының көріністері
Жарияланған күні: 06-04-2020
Жұмыс күндері 9:00 дан 18:00 дейін
(Ақтау уақыты)
E-mail: g_kabylbay@kbm.kz