Төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары қолға алынды

Еліміз бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты Қаражанбас компаниялар тобында жиын өтті. Оған Президент Ли Тецян, Бірінші Вице-президент Сүйіндік Алдашев, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Шаттық Құлшықов, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Дауылбек Қиянов, «ТКБжҰҚК» ЖШС директоры Таңатар Жайман қатысты. Басқосу барысында кешенді шаралар қабылданып, нақты әрекет ету бойынша мәселелер талқыланды. Қазіргі уақытта осыған байланысты арнайы жедел штаб құрылды.    

Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес  Қаражанбас компаниялар тобында Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде жауапты кезекші тұлғалар тағайындалды.  

Соған сәйкес кезекшілер мен Қоғамның салалық құрылымдарының басшылары:

-  Күн сайын қызметкерлердің денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу және КВИ-ға күдікті қызметкер анықталған жағдайда (дене қызуының жоғарылауы, жөтел, ентігу және тыныс алудың қиындауы) медициналық пунктке/«СофиМедГрупп» ЖШС және «Қаражанбасмұнай» АҚ ҚТжЕҚ, ҚОҚ және ДҚД хабарласу қажет (Тел: «СофиМедГрупп»: 8 777 088 40 87,  ҚТжЕҚ, ҚОҚ және ДҚД: 8 701 482 33 03)

- Коронавирустық инфекцияның алдын алу және оның салдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізумен суық тию белгілері (қызба, жөтел, тамақтың ауруы және т. б.) бар адамдарды жұмысқа жібермеу (вахтаға кіру);

- Вахталық автобус бойынша жетекшілермен бірлесіп, кен орнына суық тиіп ауыру (дене қызуы, қызба, жөтел, тамақтың ауыруы және т. б.) белгілері бар адамдарды жібермеу, сондай-ақ, «Қаражанбасмұнай» АҚ ҚТжЕҚ, ҚОҚ және ДҚД және «СофиМедГрупп» ЖШС дереу хабарлау»;

- «Қаражанбасмұнай» АҚ короновирустық инфекция індетіне (COVID-19) ден қою бойынша іс-қимыл алгоритмі басшылыққа қабылданды.

 Қоғамның барлық қызметкерлері:

  • Қол алысып амандаспау, сүймеу, құшақтаспау;
  • Эпидемиялық қауіптіліктің алдын алу бойынша медициналық қызметтің барлық талаптарын қатаң орындауы тиіс.

Қазіргі таңда қызметкерлердің қауіпсіздігі және үздіксіз жұмысты қамту мақсатында келесі жұмыстар қолға алынды:

  • Кеңседе және өндірістік нысандарда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп отыр.
  • Қызметкерлер арасында жеке гигиенаны сақтау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
  • Көпшіліктің қатысуымен өтетін шаралар тоқтатылды.
  • Өндірісте адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекция жүргізу, сондай-ақ, қызметкерлердің дене қызуын өлшеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияға шалдығу бойынша  Қаражанбас компаниялар тобынан жұмысшылар тіркелген жоқ. Барлық өндірістік құрылымдар қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

Жарияланған күні: 18 наурыз 2020



Басқа жаңалықтар:

Құрметті әріптестер, қымбатты әйелдер қауымы!

icon

Алда келе жатқан көктемнің 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен мекемеміздің ер азаматтар қауымы атынан шын жүректен құттықтауын қабыл алыңыз!

Бұл керемет көктемнің мерекесін біздің елімізде әрқашан ерекше тойлайды. Осы мейрамда ер азаматтардың әйелдер қауымына деген  қадірлеушілігі, құрметтілігі және махаббаты бейнеленеді. 


Жарияланған күні: 06-03-2015  

Жаңаөзен каласында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру Акционерлік қоғамының еншілес компаниялар арасында екінші спартакиада өтті.

Жаңаөзен каласында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру Акционерлік қоғамының еншілес компаниялар арасында екінші спартакиада өтті.


Жарияланған күні: 09-09-2013  

Блог руководителя

Бас директор – Жайман Таңатар Өскінбайұлы

Блог бетіне өту
Сенім телефоны:
+7 (7292) 47-20-33 

Жұмыс күндері 9:00 дан 18:00 дейін
(Ақтау уақыты)

E-mail: g_kabylbay@kbm.kz