Төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары қолға алынды
Еліміз бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты Қаражанбас компаниялар тобында жиын өтті. Оған Президент Ли Тецян, Бірінші Вице-президент Сүйіндік Алдашев, «АрғымақТрансСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Шаттық Құлшықов, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС Бірінші Вице-президенті Дауылбек Қиянов, «ТКБжҰҚК» ЖШС директоры Таңатар Жайман қатысты. Басқосу барысында кешенді шаралар қабылданып, нақты әрекет ету бойынша мәселелер талқыланды. Қазіргі уақытта осыған байланысты арнайы жедел штаб құрылды.
Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес Қаражанбас компаниялар тобында Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде жауапты кезекші тұлғалар тағайындалды.
Соған сәйкес кезекшілер мен Қоғамның салалық құрылымдарының басшылары:
- Күн сайын қызметкерлердің денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу және КВИ-ға күдікті қызметкер анықталған жағдайда (дене қызуының жоғарылауы, жөтел, ентігу және тыныс алудың қиындауы) медициналық пунктке/«СофиМедГрупп» ЖШС және «Қаражанбасмұнай» АҚ ҚТжЕҚ, ҚОҚ және ДҚД хабарласу қажет (Тел: «СофиМедГрупп»: 8 777 088 40 87, ҚТжЕҚ, ҚОҚ және ДҚД: 8 701 482 33 03)
- Коронавирустық инфекцияның алдын алу және оның салдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізумен суық тию белгілері (қызба, жөтел, тамақтың ауруы және т. б.) бар адамдарды жұмысқа жібермеу (вахтаға кіру);
- Вахталық автобус бойынша жетекшілермен бірлесіп, кен орнына суық тиіп ауыру (дене қызуы, қызба, жөтел, тамақтың ауыруы және т. б.) белгілері бар адамдарды жібермеу, сондай-ақ, «Қаражанбасмұнай» АҚ ҚТжЕҚ, ҚОҚ және ДҚД және «СофиМедГрупп» ЖШС дереу хабарлау»;
- «Қаражанбасмұнай» АҚ короновирустық инфекция індетіне (COVID-19) ден қою бойынша іс-қимыл алгоритмі басшылыққа қабылданды.
Қоғамның барлық қызметкерлері:
- Қол алысып амандаспау, сүймеу, құшақтаспау;
- Эпидемиялық қауіптіліктің алдын алу бойынша медициналық қызметтің барлық талаптарын қатаң орындауы тиіс.
Қазіргі таңда қызметкерлердің қауіпсіздігі және үздіксіз жұмысты қамту мақсатында келесі жұмыстар қолға алынды:
- Кеңседе және өндірістік нысандарда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп отыр.
- Қызметкерлер арасында жеке гигиенаны сақтау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
- Көпшіліктің қатысуымен өтетін шаралар тоқтатылды.
- Өндірісте адамдар көп жиналатын жерлерде дезинфекция жүргізу, сондай-ақ, қызметкерлердің дене қызуын өлшеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекцияға шалдығу бойынша Қаражанбас компаниялар тобынан жұмысшылар тіркелген жоқ. Барлық өндірістік құрылымдар қалыпты жағдайда жұмыс істеуде.

Басқа жаңалықтар:
Серіктестіктің – жаңа тарихи кезеңі
Жарияланған күні: 30-03-2023
Жарияланған күні: 30-03-2023
Жарияланған күні: 30-03-2023
Жарияланған күні: 02-11-2020
Жаңа ISO 45001:2018 стандартына көшу
Жарияланған күні: 29-10-2020
ҚТ-дан қаза тапқандардың аза тұту күніне байланысты директордың үндеуі
Жарияланған күні: 13-07-2020
COVID-19 Короновирусқа қарсы алдын алу жұмыстарының көріністері
Жарияланған күні: 06-04-2020
«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС (бұдан әрі - УТТиОС, Серіктестік) Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдайдың болуына байланысты және жұмысшылар мен барлық мүдделі тараптардың денсаулығын сақтау мақсатында коронавирустық инфекция таратудың алдын алу үшін Серіктестікте бірқатар шаралар қабылдағанын хабарлайды.
Жарияланған күні: 19-03-2020
Жұмыс күндері 9:00 дан 18:00 дейін
(Ақтау уақыты)
E-mail: g_kabylbay@kbm.kz