«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС-нің коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылдаған шаралары туралы

«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС (бұдан әрі - УТТиОС, Серіктестік) Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдайдың болуына байланысты және жұмысшылар мен барлық мүдделі тараптардың денсаулығын сақтау мақсатында коронавирустық инфекция таратудың алдын алу үшін Серіктестікте бірқатар шаралар қабылдағанын хабарлайды.

Серіктестік қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі шараларды қабылдады:

  1. Тұрғын және тамақтану объектілерінің, сондай-ақ қызметкерлер жаппай болатын жұмыс орындары дезинфекциялық режимі мезгіл- мезгіл жүргізіледі.
  2. Қаражанбас және Доңға кен орындарындағы "Нейрон" медициналық мекемесімен медициналық пункттерінде күн сайын жұмысшылардың температурасын өлшеу жұмыстары жүргізілуде.
  3. Жұмысшылар мен олардың отбасыларына коронавирустың белгілері және жаңа коронавирустан қорғау әдістері туралы ескертулер таратылды.
  4. Барлық бұқаралық іс- шаралар тоқтатылды, кеңестер саны барынша қысқартылды.
  5. Серіктестік қызметкерлерінің шет елдерге және бүкіл Қазақстанға іссапарларының барлық түрлері тоқтатылды.
  6. Кеңсе ғимаратында келушілерді қабылдау шектеулі.
  7. Әкімшілік қызметкерлердің кем дегенде 50% -ы қашықтықтағы жұмыс нысанына ауысады.
  8. «Қаражанбасмұнай» компаниялар тобында арнайы жедел штаб құрылды.

 

Бүгінгі күні коронавирустық инфекциямен ауыратын қызметкерлер анықталған жоқ. Серіктестік қалыпты режимде жұмыс істейді.

Жарияланған күні: 19 наурыз 2020



Басқа жаңалықтар:

Құрметті әріптестер, қымбатты әйелдер қауымы!

icon

Алда келе жатқан көктемнің 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен мекемеміздің ер азаматтар қауымы атынан шын жүректен құттықтауын қабыл алыңыз!

Бұл керемет көктемнің мерекесін біздің елімізде әрқашан ерекше тойлайды. Осы мейрамда ер азаматтардың әйелдер қауымына деген  қадірлеушілігі, құрметтілігі және махаббаты бейнеленеді. 


Жарияланған күні: 06-03-2015  

Жаңаөзен каласында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру Акционерлік қоғамының еншілес компаниялар арасында екінші спартакиада өтті.

Жаңаөзен каласында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру Акционерлік қоғамының еншілес компаниялар арасында екінші спартакиада өтті.


Жарияланған күні: 09-09-2013  

Блог руководителя

Бас директор – Жайман Таңатар Өскінбайұлы

Блог бетіне өту
Сенім телефоны:
+7 (7292) 47-20-33 

Жұмыс күндері 9:00 дан 18:00 дейін
(Ақтау уақыты)

E-mail: g_kabylbay@kbm.kz