Доңға жобасы аяқталды

2016 жылы “Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету” ЖШС “TOTAL E&P DUNGA GmbH” Компаниясымен 31.12.2022 жылға дейін Доңға кен орнында Ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша қызметтер көрсетуге келісімшарт жасасты.

Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты, 2022 жылдың желтоқсан айының соңында Доңға кен орнынан Қаражанбас кен орнына жабдықтарды, көтергіш қондырғылар мен персоналды демобилизациялау жүргізілді.

Доңға жобасына қатысқаннан кейін серіктестік Корпоративтік басқару және техникалық саясат деңгейін халықаралық компанияның талаптарына дейін көтерді, қызметкерлер Қаражанбас кен орнында таралымы жоспарланып отырған Қауіпсіз жұмыс дағдылары мен тәжірибесін игерді. Мұндай тәсілдер жұмыс сапасын арттыруға және жалпы компанияның штаттық қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыруға оң әсер етеді.

 

Жарияланған күні: 30 наурыз 2023



Басқа жаңалықтар:

Құрметті әріптестер, қымбатты әйелдер қауымы!

icon

Алда келе жатқан көктемнің 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен мекемеміздің ер азаматтар қауымы атынан шын жүректен құттықтауын қабыл алыңыз!

Бұл керемет көктемнің мерекесін біздің елімізде әрқашан ерекше тойлайды. Осы мейрамда ер азаматтардың әйелдер қауымына деген  қадірлеушілігі, құрметтілігі және махаббаты бейнеленеді. 


Жарияланған күні: 06-03-2015  

Жаңаөзен каласында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру Акционерлік қоғамының еншілес компаниялар арасында екінші спартакиада өтті.

Жаңаөзен каласында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру Акционерлік қоғамының еншілес компаниялар арасында екінші спартакиада өтті.


Жарияланған күні: 09-09-2013  

Блог руководителя

Бас директор – Жайман Таңатар Өскінбайұлы

Блог бетіне өту
Сенім телефоны:
+7 (7292) 47-20-33 

Жұмыс күндері 9:00 дан 18:00 дейін
(Ақтау уақыты)

E-mail: g_kabylbay@kbm.kz