2016-2019 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарт

2016 жылғы 31 тамызда «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («ТКБжәнеҰҚК» ЖШС) кеңсесінде серіктестіктің басшылығы мен «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ (кәсіподақ) арасында 2016-2019 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды.  

Құжатқа ТКБжәнеҰҚК Директоры Калбай Ажимбаевич Измуханов пен кәсіподақ Төрағасы Куаныш Кобегенович Сисенбаев қол қойды. Құжатқа қол қою кезінде комиссияның барлық мүшелері мен әкімшілік-басқару қызметкерлері қатысты.

Кәсіпорын директорының айтуынша, ТКБжәнеҰҚК әлеуметтік-бағдарланған кәсіпорын болып саналады, сондықтан Ұжымдық шарт Серіктестіктің басшылығы үшін де, жұмыскерлері үшін де негізгі құжат  болып табылады, ал оған Мұнай-газ саласының жұмыскерлерінің күнін тойлау қарсаңында (кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып) қол қою символдық мәні бар және компанияның болашағына үлкен оптимизм бен сенім қосады.

Сонымен қатар, ол, осындай маңызды құжатқа қол қою серіктестіктің жалғыз қатысушы атынан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»  АҚ тарапынан қолдау мен түсіністік болмаған жағдайда мүмкін болмас еді, соның арқасында күрделі экономикалық жағдайға қарамастан кәсіпорын жұмыскерлер мен олардың отбасы үшін жеңілдіктерді, кепiлдiктер мен өтемақыларды сақтап қалу жолын таба білді деп –  атап өтті.

Кәсіподақ басшысының пікірі бойынша ағымдағы экономикалық жағдайда ТКБжәнеҰҚК жұмыскерлері үшін Ұжымдық шарт әлеуметтік кепілгер болып табылады және оған қол қою тек әлеуметтік тұрақтылыққа ғана емес, сондай-ақ кәсіподақ пен серіктестіктің жалпы мақсаты –  біздің компанияның болашағын қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Сонымен қатар, ол, енгізілген өзгерістерге қарамастан, Ұжымдық шарттың  жаңа редакциясы кәсіпорын жұмыскерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайлары мен кәсіби денсаулығын сақтауға қатысты барлық жеңілдіктер пен әлеуметтік кепілдіктерді сақтайтынына, ал кейбір жағдайларда олардың жақсарғанын көруге болатынына назар аударды. Басымшылығында жұмыскерлердің денсаулығын жақсарту сақталды.

Жаңа Ұжымдық шарт жобасын әзірлеу жұмыстары 2016 жылғы қаңтарда басталды. Жаңа Ұжымдық шарт жобасын әзірлеу жөніндегі комиссия құрамына компания мен кәсіподақ басшыларын қоса, екі жақтың мамандары қатысты.

Жаңа Ұжымдық шартты әзірлеу бойынша келіссөз үдерісі заңнамамен белгілеген рәсімдерге сәйкес жүргізілді. Ұжымдық шарттың жобасы еңбек ұжымына танысуға және талқылауға ұсынылды, олар аяқталғаннан кейін, ұжымдық шартқа қол қойылды. 

Ақтау                                                                                                                            01.09.2016 ж. 

Жарияланған күні: 1 қыркүйек 2016



Басқа жаңалықтар:

Құрметті әріптестер, қымбатты әйелдер қауымы!

icon

Алда келе жатқан көктемнің 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен мекемеміздің ер азаматтар қауымы атынан шын жүректен құттықтауын қабыл алыңыз!

Бұл керемет көктемнің мерекесін біздің елімізде әрқашан ерекше тойлайды. Осы мейрамда ер азаматтардың әйелдер қауымына деген  қадірлеушілігі, құрметтілігі және махаббаты бейнеленеді. 


Жарияланған күні: 06-03-2015  

Жаңаөзен каласында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру Акционерлік қоғамының еншілес компаниялар арасында екінші спартакиада өтті.

Жаңаөзен каласында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру Акционерлік қоғамының еншілес компаниялар арасында екінші спартакиада өтті.


Жарияланған күні: 09-09-2013  

Блог руководителя

Бас директор – Жайман Таңатар Өскінбайұлы

Блог бетіне өту
Сенім телефоны:
+7 (7292) 47-20-33 

Жұмыс күндері 9:00 дан 18:00 дейін
(Ақтау уақыты)

E-mail: g_kabylbay@kbm.kz