Бүкіләлемдік сапа күніне орай 2016 жылғы 9 қарашада Астана қаласында өткен семинар аясында «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» «Сапа көшбасшысы 2016» марапатқа ие болды, сонымен қатар қызметі мен Қазақстандағы сапаның дамуына жалпы үлесі үшін ерекше алғыс хатымен марапатталды.
«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Астана филиалы үйымдастырған іс-шараға сапа саласындағы жетістіктері үшін ағымдағы жылда үздік деп танылған Қазақстан Республикасының аумағындағы атақты кәсіпорындар мен ұйымдардардың өкілдері қатысты. Сертификаттау саласындағы мамандар, сондай-ақ шақырылған қонақтар баяндама жасады.
1989 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдауымен Еуропалық сапа ұйымы атап өтетін «Сапа — нәтижелер үшін!» ұранымен жыл сайынғы сапа аптасы биылғы жылы 9-қарашадан бастап 13-қараша ішінде өтті.
Анықтама:
Серіктестік стандарттар талаптарына сәйкестігіне халықаралық үлгідегі сертификаттарды 2015 жылғы 12 қазанда алды:
ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджментінің жүйелері. Талаптар»
ҚР СТ OHSAS 18001-2008 «Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджментінің жүйелері. Талаптар»
ҚР СТ ИСО 14001-2006 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық»
2014 жылғы желтоқсанда басталған біріктірілген менеджмент жүйесін енгізу үдерісі
бір жылдан астам уақыт жүргізілді.
Бұл Серіктестік үшін ең беделді аккредиттеу және ол ТКБжәнеҰҚК жоғарғы стандарттарға сәйкестігін растап, кәсіпорынның сапа, экология және кәсіби қауіпсіздік пен денсаулық мәселелеріндегі негізгі көзқарасының куәсі болып табылады.
Астана қ. 09.11.2016ж.
Жарияланған күні: 9 қараша 2016