Құрметті серіктестер!
Сізді «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі ұжымынан және жеке өз атымнан Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемен еліміздің мұнай-газ саласы ел экономикасын дамытуда елеулі рөл атқарып келеді. Сондықтан, Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні тек біздің ғана кәсіби мерекеміз емес, ол сонымен бірге Отанымыздың барлық тұрғындары үшін ортақ мереке.Бүгінгі мерекелі күні Сізге мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, отбасыңызға амандық және еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметіңізде жаңа табыстарға жете беруіңізді тілеймін!
Директор Измуханов К.А.
Жарияланған күні: 2 қыркүйек 2016