2016 жылы “Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету” ЖШС “TOTAL E&P DUNGA GmbH” Компаниясымен 31.12.2022 жылға дейін Доңға кен орнында Ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша қызметтер көрсетуге келісімшарт жасасты.
Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты, 2022 жылдың желтоқсан айының соңында Доңға кен орнынан Қаражанбас кен орнына жабдықтарды, көтергіш қондырғылар мен персоналды демобилизациялау жүргізілді.
Доңға жобасына қатысқаннан кейін серіктестік Корпоративтік басқару және техникалық саясат деңгейін халықаралық компанияның талаптарына дейін көтерді, қызметкерлер Қаражанбас кен орнында таралымы жоспарланып отырған Қауіпсіз жұмыс дағдылары мен тәжірибесін игерді. Мұндай тәсілдер жұмыс сапасын арттыруға және жалпы компанияның штаттық қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыруға оң әсер етеді.
Жарияланған күні: 30 наурыз 2023