ҚТ-дан қаза тапқандардың аза тұту күніне байланысты директордың үндеуі

Құрметті Отандастар, достар, әріптестер!

Бүгін еліміздің тарихындағы ең қайғылы күндердің бірі. Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде 2020 жылы  – Қазақстан Республикасының коронавирус індетінің құрбаны болған адамдарды еске алудың жалпы халықтық азалы күні деп жариялады.

Бүгінгі таңда күллі әлем коронавирус инфекциясына қарсы күрес жүргізуде және жағдай әлі күнге дейін жаман жаққа өзгеріп келе жатыр. Статистика бойынша, қазіргі уақытта жер шары бойынша 13 млн адам індетке шалдықты және оның ішінде 570 мың адам көз жұмды.

Өкінішке орай, осы дертке қарсы күресте біз де күн сайын жақындарымызды және туыстарымызды жоғалтып жатырмыз, біздің елімізде мүмкін осы індеттен зардап шеккен  адам қалмаған сияқты.

Қайғылы қаза күйінішінің ескіру мерзімі жоқ және осы аурудың құрбаны болған біздің туыстарымыз, достарымыз және әріптестеріміз есімізде әрдайым қалады.

Бірақ, ең алдымен осы күрестің батырларына – адамдарды құтқару үшін өздерінің өмірлерінен айырылған дәрігерлерді және қарапайым ықыласты адамдарды, әсіресе олардың кәсіпқойлық, ерлік және адамгершілік қасиеттеріне үлкен алғысымызды айтқым келіп тұр.

Бүгінгі күн халқымыздың COVID-19 қарсы бірлесіп күрескен нышаны болатынына сенімдімін, себебі тек бәріміздің күшімізді біріктірген жағдайда ғана қиыншылықтар мен қайғыдан бірге өте шығамыз.

Осы күнде, мен барлықтарыңызды коронавирус инфекциясына қарсы күрескенде қолдан келгендерінді жасауға, ынтымақтастықты көрсетуге және өздеріңді және жақындарынды ойлап, үйде қалып және бүкіл сақтық шараларын орындауға шақырамын!

Бірге біз бәрін жеңеміз!!!

 

Жарияланған күні: 13 шілде 2020

Scroll to Top