Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету бағдарламасы

«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС-гі 2018 жылдың өндірістік бағдарламасын жүзеге асыру үшін бұрғылау бойынша мамандарын дайындау мақсатымен, 2017 жылдың шілде мен желтоқсан айлары аралығында ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғышының көмекшілері  Д. Байкулов пен А. Есенгубековты бұрғылау бойынша Модульдік оқуға жіберді.

Модульдік оқу Алматы қаласындағы «ҚБТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС-гімен бірге өткізілді.

Жұмыскерлеріміз модульдік оқуды өте жақсы аяқтап, әр модуль бойынша сертификатпен марапатталып, сонымен қатар 3-ші және 4-ші деңгейдегі Жер үсті әуе қорғанысымен бұрғылауды бақылаудың (IWCF халықаралық стандарттарына сәйкес) халықаралық стандартқа сай сертификаттарыменде марапатталды. 

Байкулов Д

Біз Есенгубеков Актилекпен Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде роторлық бұрғылау кезінде ұңғымаларды басқару және қадағалау, бұрғылау жұмыстарының менеджменті, заманауи технологиялар, бұрғылау ерітінділері мен ұңғымаларды цементтеу және т.б. курстар бойынша өте жақсы оқу өтті.

Бізді ҚБТУ тәжірибелі инструкторлары оқытты. DrillSim-5000 заманауи жаттығу құрылғысында тәжірибе сабақтары жүргізілді. Осы модульдік оқу бізге қатты ұнады. Және алдағы уақытта бұрғылаудың заманауи технологияларын одан ары қарай игереміз деген үміттеміз.

Есенгубеков А

Біз Алматы қаласындағы ҚБТУ инжиниринг және ақпараттық технологиялар институтында біліктілік арттыру курстарына қатыстық. Біздің мекеме әрқашан кадрларды дамыту жұмыстарын жақсы атқарып келеді. Соның бір мысалы – 2017 жылғы 6 модульден тұратын курс. Курсты халықаралық деңгейдегі инструкторлар жүргізді. Қазіргі кезеңде елімізде барлық мұнай және газ компаниялары өндіріске жаңа технологияларды енгізуді қалайды. Курстың барлық модульдары жоғары технологияларды таныстыру, әлемдік үздік тәжірибелерді ұғындыру жағынан өте жақсы ұйымдасқан.

Курс барысында бұрғылау ерітінділері, цементтеу, мұнай ұңғымаларын жобалау, бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру, мұнай-газ су атқылауларын жою, бұрғылау құбырының қысылуынан қорғау, бұрғылау және шегендеу құбырларын есептеу, бұрғылау қондырғысының элементтерін таңдау тәрізді тақырыптар қарастырылды.

Айта кетерлік жайт, курс еліміздегі бірегей DrillSim-5000 бұрғылау тренажерын қолданып жұмыс істеуге жол ашты.

Жарияланған күні: 3 мамыр 2018



Басқа жаңалықтар:

«Үздік маман -2017»

iconiconicon

«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС-і Қаражанбас кен орында Серіктестіктің жұмысшы мамандықтар арасында «Үздік маман – 2017» атағына кәсіби шеберлік конкурсын өткізді.

 

Жарияланған күні: 28-08-2017  

ТКБжҰҚК қызметкерлері «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалады

iconiconicon

«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС-нің қызметкерлері шілде-тамыз айлары аралығында Астана қаласындағы EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға барып келді. 


Жарияланған күні: 23-08-2017  

Есеп беру кездесуі

iconicon

2017 жылдың 25 шілдесінде Серіктестіктің директоры қаржы-шаруашылық қызметі бойынша қызметкерлермен есеп беру кездесуін өткізді.

 

Жарияланған күні: 27-07-2017  

Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

icon

Сіздерді «Технологиялық көлік және ұңғымалаға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС атынан Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!  


Жарияланған күні: 31-12-2016  

ТКБжәнеҰҚК сапа көшбасшысы 2016 болып атанды

iconiconicon

Бүкіләлемдік сапа күніне орай 2016 жылғы 9 қарашада Астана қаласында өткен семинар аясында «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» «Сапа көшбасшысы 2016» марапатқа ие болды, сонымен қатар қызметі мен Қазақстандағы сапаның дамуына жалпы үлесі үшін ерекше алғыс хатымен марапатталды. 


Жарияланған күні: 09-11-2016  

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің мерекесімен құттықтаймыз!

icon

Егемен еліміздің мұнай-газ саласы ел экономикасын дамытуда елеулі рөл атқарып келеді. Сондықтан, Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні тек біздің ғана кәсіби мерекеміз емес, ол сонымен бірге Отанымыздың барлық тұрғындары үшін ортақ мереке.  


Жарияланған күні: 02-09-2016  

2016-2019 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шарт

iconicon

2016 жылғы 31 тамызда «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («ТКБжәнеҰҚК» ЖШС) кеңсесінде серіктестіктің басшылығы мен «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ (кәсіподақ) арасында 2016-2019 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды.  


Жарияланған күні: 01-09-2016  

«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС басшылығындағы өзгеріс туралы

icon

2016 жылғы 13 шілдеде «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС (ТКБжәнеҰҚК) Қадағалау Кеңесінің Төрағасы, «Қаражанбасмұнай» АҚ Президенті Қайыржан Есен кәсіпорынның ұжымына бұрын «Қаражанбасмұнай» АҚ Өндіріс жөніндегі Вице-Президентінің қызметін атқарған Серіктестіктің жаңа Директоры Қалбай Ажимбаебич Измухановты таныстырды. 


Жарияланған күні: 15-07-2016  

Блог руководителя

Бас директор – Жайман Таңатар Өскінбайұлы

Блог бетіне өту
Сенім телефоны:
+7 (7292) 47-20-33 

Жұмыс күндері 9:00 дан 18:00 дейін
(Ақтау уақыты)

E-mail: g_kabylbay@kbm.kz